Дәстүрлі санақ: Интервьюерлер үйлерді аралауда

84

 

Әл-Фараби ауданында дәстүрлі санақ жұмыстары 1 қазанда басталған болатын. Бүгінде аудан аумағы 28 учаскіге бөлініп, онда орам басқарушылары мен еріктілерден құралған 28 нұсқаушы-бақылаушы мен 192 интервьюер жұмыс атқаруда.

Аудан әкімі Рашид Мыңбаев көпқабатты және жеке үйлерге санақшылармен бірге барып, тұрғындарды санаққа тіркеу процесін жіті бақылады. Аудан әкімі азаматтарға елімізде өтіп жатқан демографиялық және саяси маңызды іс-шарада белсенділік танытуға шақырды.

Одан бөлек, Әл-Фараби ауданында адам көп шоғырланатын 10 нүктеде тұрғындардың онлайн санақтан өтуі үшін өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылып, санақшылар азаматтарға  арнайы сілтеме арқылы санаққа онлайн қатысудың тәсілдерін түсіндіруде.

Қала тұрғындарына санақшыларға ашық мәлімет ұсынып, санақтың әділ өтуіне ықпал етуін сұраймыз.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі