Қалмахан Омаров

67

Қалмахан Омаров, ұстаз-домбырашы, «Бабалар аманаты» жобасының авторы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі: «Отырар төбенің маңында Талапты деген ауыл бар. Сол ауылда дүниеге келгенмін. Сол заманда ауылда мәдениет ошақтары жоқ, теледидар болса да жоқ, тіпті жарықтың да жоқ кезі. Сол ауылға айында, жылында концерт қоюға өнерпаздар келетін. Концертті тайлы тұяғымыз қалмай, бәріміз барып көретінбіз. Балалық көзімізбен қарағанда сол концерттер керемет дүниелер еді. Өте сирек келетін. Кино айына бір ақ рет келеді. Заманның қиын кезі. Сол киноға баруға 15 тиын да жоқ болатын. Сол өнерге қызығып жүрген шағымда ауылда бірде бір үйде домбыра болмайтын. Төртінші сыныпты бітіріп, Шымкент шаһарындағы №12 мектеп интернатта оқуымды жалғастырдым. Көптеген үйірмелер жұмыс істейтін. Осы жерде өнерге деген қызығушылығым ашылды. Домбыра үйірмесіне жазылдым».