Шымкент: 33 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

63

Шымкент полицейлері «Таза қала» іс-шарасы аясында қала көлемінде рейдтік жұмыстар жүргізуде. Осыған байланысты Еңбекші аудандық Полиция басқармасының Жергілікті Полиция қызметінің бөлімі учаскелік инспекторлармен 28 қазан күні профилактикалық іс-шара жүргізді.

Рейдтік жұмыс барысында 33 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 505-бабы бойынша ә хаттама толтырылған.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оларды тазалықты сақтауға шақырды.

Гүлдана Дәурен