5 мың адам көше сыпырды

122

«Таза қала» акциясы аясындағы жалпықалалық сенбілік іс-шарасы Әл-Фараби ауданындағы барлық мекемелер мен кәсіпкерлік нысандар аумағында ұйымдастырылды.

Тазалық жұмыстары барысында Республика, Қонаев, Түркістан, Момышұлы бойындағы саябақтар мен көше бойларындағы жапырақтар жиналып, раушан гүлдер келесі жылға жақсы сақталуы үшін тамырын көму жұмыстары жүргізілді.

Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері әкімдік ғимараты алдындағы барлық қураған ағаштарды кесіп, арнайы орынға шығарды. Санитарлық тазалық іс-шарасында маңайдағы ирригациялық жүйелер мен аяқжолдар қоқыстан тазаланды.

Сондай-ақ, Байтұрсынов 17 Б ауласы сыпырылып, сынған ағаштар бұталанды.
Жалпықалалық сенбілік жұмыстарына ауданда 5000-ға жуық адам мен 41 арнайы техника жұмылдырылды.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі