«Таза қала-таза аула» тазалық акциясы ұйымдастырылды

321

Абай ауданында кезекті «Таза қала-таза аула» тазалық акциясы ұйымдастырылды. Сенбілікке аудан әкімі аппараты қызметкерлері, кәсіпкерлік нысан иелері және 18 арнайы техника мен 2 000 мыңнан аса аудан тұрғындары қатысты.

Іс-шара барысында Республика даңғылы, Ғ. Иляев, Ю. Гагарин, Ш. Қалдаяқов, А. Асқаров көшелері мен Темірлан тас жолы бойындағы 54 көп қабатты тұрғын үй аулалары мен кәсіпкерлік нысандар айналасы қоқыстан толығымен тазартылды. Бұл акция алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Әлихан Файзханов