«Shymkent Marathon-2021» өтіп жатыр

92

Шымкент қаласында  — 10 қазанда көптен күткен «Shymkent Marathon-2021» спорттық іс-шарасы басталды.

Қатысушылар 4 қашықтықта (42 км, 21 км, 10 км, 5 км) жүгіретін болады.
Жарысқа спортшылар мен әуесқойлар қатысады. Яғни, Шымкент қаласының тұрғындары мен Қазақстанның 30 қаласынан келген қонақтар.

Старт «Наурыз» алаңынан басталып, мәре «Наурыз» алаңында аяқталады.
Басталу уақыты: 42 км — сағат 7-00
21 км — сағат 7-05
10 км — сағат 7-45
5 км — сағат 9-45.

Марафон бағыты Бәйдібек би және Төлеметов көшелерімен өтеді.
Спорттық іс-шараның өткізілуіне байланысты Шымкентте сағат 6-00-ден 14-00-ге дейін көшелер ішінара жабылады:

Атап айтқанда Бәйдібек би даңғылы Наурыз алаңына дейін және Төлеметов көшесінің қиылысына дейінгі бір жолақ(оң жақ). Төлеметов көшесі бойымен Сырым батыр көшесінің қиылысына дейінгі екі жолақ, Төлеметов көшесі бойындағы Сырым батыр көшесінің қиылысынан бастап Алматы А2 трассасына дейінгі бір жолақ(сол жақ) уақытша жабылад.