Шымкентте биыл 3 подстанция іске қосылады

75

Шымкентте сапалы жарықпен қамту үшін 14 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оған бөлінген қаражат 9,4 млрд. теңгені құрайды. Бұл жөнінде қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мүлкеманов айтты.

Оның сөзінше, жыл соңына дейін 3 подстанция пайдалануға беріледі. Оның бірі жақында іске қосылған «Бозарық» қосалқы электр станциясы. Қалған «Ақжар» мен «1-М-1» қосалқы станциялары жыл аяғында тапсырылады.

Сонымен бірге, 7 елді мекендегі құрылыс жұмыстары аяқталып, 21,3 мыңға жуық халық сапалы электр қуатына қосылады. Ішкі жүйелер – Жалын, Ақжар, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алаптарында жүргізілуде. Нәтижесінде, қаланы сапалы электрмен қамту деңгейін 95%-дан 97%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Әлихан Файзханов