Шымкенттік нысандар Дүниежүзілік мұралар тізіміне енуі мүмкін

115

Шымкент қаласында «Ұлы Жібек жолы тарихындағы Шымкенттің ЮНЕСКО мәдени мұра жүйесіндегі орны мен рөлі» тақырыбында халықаралық кездесу жиыны өтті. Отырысқа Орталық Азия елдерінің белгілі тарихшылары мен археологтары, Мәдениет және спорт министрлігінің сарапшылары қатысып, Шымкенттің тарихи нысандарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу мүмкіндігін талқылады.

Бақыт Аманбаева, Қырғызстан мемлекетінің тарихшысы, археолог: «Шымкент сіздердің басқа мұраларыңыз өзгеше болғаннан кейін, дүниелік мұраға кіргені жөн. Өйткені үшінші басшы деген бар осы формада. Юнесконың қатарына кіруге мүмкіндік бар ма,  осы мәселені шешіп көреміз».

Сонымен қатар, бүгінгі жиында Ферғана-Сырдария сегментіндегі көп ұлтты Жібек жолы номинациясы бойынша сарапшылар сараптамалық қорытындылар мен қала аумағындағы нысандарды беделді тізімге енгізу бойынша ұсыныстар жасады.

Айта кетейік, жиынға қатысушылар «Шымқала» тарихи-мәдени кешеніне барып, музейлендіру, консервациялау және реновациялау жұмыстарымен, ескі қаланы дамыту жобасымен танысқан болатын. Сондай-ақ, «Шымқала» этноауылында «Бес қару» этнофестінің ашылуына қатысты.

Әлихан Файзханов