«Төлем» арқылы күніне 280 мың транзакция жасалуда

77

Қаладағы төлем жүйесіне күніне 280 мың транзакция жасалуда. Төлем картасын жоғалтқандар жүйенің фронт-офисіне барып уақытша анықтама ала алады.

Аталған орталық Жастар ресурстық орталығында орналасқан. Жаңа картаны қолға алғанға дейін оқушылар қоғамдық көлікте 35/50 теңге төлеп жүре алады. Төлем карталары Алматыда жасалатындықтан, өтініш берушілердің 10-15 күн күтуіне тура келеді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда тұрғындардың жолда жүру ыңғайлылығы үшін, автобустарды онлайн режимінде көруге арналған «I-kolik» қосымшасы пайдалануға берілген.

Гүлдана Дәурен