ЭКСПО-2020-Дубай: «Шымкент қаласының күндері» ресми түрде ашылды

126

Дубайда өтіп жатқан Экспо Халықаралық көрмесінде «Шымкент қаласының күндері» ресми түрде ашылды. 3 күн қатарынан Шымкентті таныстыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара аясында қаланың мәдениеті, өнері, рухани құндылықтары мен инвестициялық және туристік мүмкіндіктері көрсетілмек.

Іс-шараның ашылу салтанатында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан шаhардың мүмкіндіктерін көпшілікке таныстырды. Сондай-ақ, жиынға қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев, Шымкент қаласы мәслихатының бірқатар депутаттары, бизнес қоғамдастықтарының бір топ делегациясы қатысып, келушілерге қаланың тартымдылығы мен өмірі жайлы таныстырылым жасады.

Жиында еліміздің танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы ән шырқап, дәстүрлі өнерімізден шашу шашылды.

Әлихан Файзханов