Елімізге жемқорлық қылмыстардан келетін залал көлемі артқан. Құқықтық статистиканың мәліметі бойынша, биыл бюджет ақшасын жымқыру, пара алу секілді қылмыстардан елге 9 млрд. теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.
Бұл — өткен жылға қарағанда 24 пайызға көп. Ең көп кесірін тигізген қылмыс — қызмет бабын асыра пайдалану. Залалы — 6 миллиард 300 миллион.
Екінші орында — пара беру, алу. 1,5 миллиард. Алаяқтар болса, 220 миллион теңгеден астам шығын келтірген.
Шынар Оразова