Ашықтық – уақыт талабы

92

Жемқорлық – болашақты бұлыңғыр ететін мемлекеттің, қоғамның дамуына тосқауыл болатын қауіпті індет. Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресу әлі де өзектілігін жоймай отыр. Күн өткен сайын бұл дертпен күресу құралдары мен осы бағыттағы шешімдер де өзгертуді, жаңартуды қажет етеді. Бұл уақыт талабы!

Шымкент қаласының Әділет департаменті тарапынан жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуде, қызметкерлердің имиджін жақсартуда жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Біз бүгінде ең алдымен жемқорлық әрекеттерін алдын алу, келеңсіздіктердің жолын кесу, тәуекел түстарды болдырмауға басымдық беріп отырмыз. Ол үшін департаментке тиесілі барлық қызметтердің ашық көрсетілуі, халыққа қолжетімді болуы қамтамасыз етіледі. Бұл ретте цифравизация мүмкіндіктерін тиімді пайдалану да нәтиже беруде. Мұндай қылмыстарды болдырмауда халықтың құқықтық сауаттылығын көтерудің маңыздылығы айрықша.

Департамент басшысының «Сыбайлас жемқорлыққа қүресті күшейту, алдын-алуға және болдырмауға бағытталған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жыл басынан бері осы бағытта тиісті жұмыстар жүйелі атқарылуда. Жоспарға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту бағытында БАҚ басылымдарында – 4, телерадио арналарында – 5 материал жарияланды. Одан бөлек осы бағытта 4 дәріс, 4 семинар және дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері департаменттің мемлекеттік әкімшілік және жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық деректері орын алған жоқ.

Жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс, сауатты жеткізуде олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жіті түсінуіне сеп болады. Ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру керек. Сонда ғана адам адамгершілікке жат-қылықтардан сақтанып, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Осыны ескере отырып, жас мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндіру жұмыстарын жиі ұйымдастырып, оларды сыбайластықтан сақтандыру әрекеттерін жүзеге асырамыз. Жас буынға бұл санаттағы қылмыстарды жасамау тіпті, заңға қайшы келетін әрекеттер туралы түсініктен арылу қажеттігі ескертіліп отырады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, бұл құбылысқа түбегейлі қарсы тұруға болады. Сондықтан, департамент қызмекерлері арасында ғана емес бұл бағыттағы шараларды жоспарға сай нотариустар мен адвокаттар, заң кеңесшілері арасында атқарып келеміз. Жуырда департаментте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында онлайн дәріс өтті. Zoom платформасы арқылы өткен онлайн дәріске «Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар, департамент қызметкерлері, нотариаттық палата өкілдері қатысты. Мақсат – қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» көзқарасын қалыптастыру, заңбұзушылықтардың жолын кесу болып табылады.

Осы ретте азаматтар назарына жеткізе кететін жәйт, Шымкент қаласы Әділет департаментінінің «Инстаграмм», «Фейсбутегі» парақшасында көрсетілген https://taplink.cc/shymkent.adilet.gov.kz таплинг сілтемесі арқылы біздің қызметкерлердің имиджіне қатысты онлайн-сауалнамаға қатысуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда сенім телефоны /33-76-76/ арқылы Әдеп жөніндегі уәкілге /А.А.Исабековаға/ хабарласуға болатынын ескертеміз.
Дамуымызды тежейтін сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою, бұл бағытта күш біріктіру -біздің басты міндетіміз.

Исабекова Айнұр Ақжігітқызы,
Шымкент қаласы Әділет департаменті
басшысының орынбасары,
Әдеп жөніндегі уәкілі