Келер жылдан бастап «e-Salyk Business» мобильді қосымшасы іске қосылып, онлайн кассалық аппараттың қызметін атқарады.
Сондықтан мобильді аударымдар жасау үшін кассалық аппарат сатып алу міндетті емес. Сондай-ақ, жауапты органдар бизнес субъектілеріне салық салу барынша жеңілдетілгенін алға тартты. Мәселен, такси жүргізушісі жалпы кірістің 1 пайызын ғана салыққа төлейді.
Әлібек Абдилов, ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы: «Мемлекет шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жеке кәсіпкерлерді 2023 жылға дейін кірісінен салық төлеуден босатып, тексеру жүргізуге мораторий жариялады. Осыған байланысты кәсіпкерлерді заңды бизнес жүргізуге, нақты кірістерді көрсетуге шақырамыз».
Шынар Оразова