Шетелдерге 644 млрд. теңге аударылған

47

Елімізден шетелдерге аударылатын қаржы көлемі күрт өскен. Ranking агенттігінің хабарлауынша сегіз айда елден 644 миллиард теңге шығарылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық.

Ақшаның көбі Өзбекстанға кеткен- 191 миллиард. Одан кейін Түркия – 127, Ресей – 122, ал Қырғызстанға 99 миллиард теңге жіберілген. Ал елімізге аударылған қаржы   186 миллиард теңге. Оның көлемі небары 4,5 пайызға  өсіп отыр. Қаржының көбі Ресей, Өзбекстан, Оңтүстік Кореядан келген.

Шынар Оразова