МӘМС төлемі 2024 жылы қандай мөлшерде болады?

43
МӘМС төлемдері төлеушілердің әр санаты үшін әр түрлі мөлшерде болады
Жұмыс берушілердің аударымдары қызметкерлер жалақысының 3%-ын құрайды, аударымдардың ең жоғары сомасы 25 500 теңгеден аспайды, бұл 10 ЕТЖ-нің 3% – ы. Айта кету керек 2024 жылдан бастап, 1 ЕТЖ 85 000 теңгені құрайды
 Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (АҚС) бойынша табыс алатын қызметкерлер мен жеке тұлғалардың жарналары 2024 жылы олардың табысының 2% – ын құрайды, бұл ретте, егер жалақы мөлшері 10 ЕТЖ жоғары болса, онда тек осы сомаға ғана салық салынады және жарнаның ең жоғары сомасы 17 000 теңгені құрайды.
Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатындардың жарналары 5 950 теңгені немесе 1,4 ЕТЖ-нің 5% – ын құрайды
 Дербес төлеушілер үшін жарна сомасы 4 250 теңгеге тең (1 ЕТЖ-дан 5%)