«Қазақстан халқына» қорына түскен қаржы 7 банкте сақталады

40

«Қазақстан халқына» қорына түскен қаржы 7 банкте сақталады. Қор басшысы Болат Жәмішевтің сөзінше, оның бәрі отандық банктер.

Халық сеніміне кірген, несие жүйесі оң жолға қойылған қаржы ұйымдары таңдалған, дейді қор басшысы. Қайырымдылық жасаған адам немесе компания қаржыны қай банк арқылы жібереді, ақша сол банкте болады.

Сондай-ақ, қордың жанынан қатысушылар кеңесі құрылады. Олар қаржының қаншалықты тиімді жұмсалып жатқанын қадағалайды.

«Қазақстан халқына» қорына түскен әрбір теңгенің қайда жұмсалғаны халыққа ашық көрсетіледі, деді қор басшысы Болат Жәмішов.

Қазір бұл қордың сайты жасалып және арнайы портал құру жұмыстары жүріп жатыр. Нәтижесінде көмек көрсетушілер мен жәрдемге мұқтаж адамдармен электронды байланыс орнайды.

Шынар Оразова