«ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-і қысқа дайын ба?

85

«ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-нің базасына барған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мекеменің қысқы маусымға дайындық жұмысымен танысты. Абай ауданы аумағының орталық көшелерін қардан тазарту үшін 2021-2022 жылғы күз және қысқы маусымына ЖШС тарапынан 105 жұмысшы тартылған.

Және қар күреу, құм себу жұмысына – 34 техника, аяқ жолды тазартуға арналған – 2 техника, жүк тиегіш – 5 техника, жүк тасығыш бортты – 8 техника қысқы маусымға дайын.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы көше бойына себілетін 795 текше метр инертті материалдар ЖШС-нің қоймасына жинақталған. Ал қажетті жанар-жағармайдың қоры жеткілікті дейді мамандар.

Өз кезегінде қала әкімі жанар май қоры, жүргізушілер мен жол жұмысшылар санының жеткілікті болуын, инертті материалдардың талапқа сәйкестігін жоспарға сәйкес жүйелі атқаруды тапсырды.

 Жанерке Хумар