Úı ANONS Қаржылық пирамида құрған ақтөбелік тұрғын бас бостандығынан айырылды

Қаржылық пирамида құрған ақтөбелік тұрғын бас бостандығынан айырылды

Ақтөбеде қаржы пирамидасын ашып, тұрғындардан 71 миллион қаржы жымқырған алаяққа сот үкімі шықты.

Былтыр қаңтар-ақпан айларында ол «Голденсити-200» деп аталған серіктестік арқылы жалған келісімшарттар жасаған. Жоғары сыйақы беріледі деп жұртты сендіріп, ақша жинаған.

Сотта айыпталушының кінәсі толық дәлелденіп, 6 жарым жылға бас бостандығынан айрылды.

Шынар Оразова