«Қызыл» аймақта СҚО ғана қалды

79

Елімізде өткен тәулікте 795 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның жетеуі Шымкентте, бесеуі Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 827-ге жетіп отыр. Оның сегізі шымкенттік тұрғын. Ал, Түркістан облысынан 5 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 29 қарашадағы жағдай бойынша елде 26 991 адам ем қабылдап жатыр.

Оның ішінде 5 809 пациент стационарға жатқызылған. Ал,  21 182-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 396 адамның жағдайы ауыр, ал 119 пациенттің халі өте ауыр. 75 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 718 613 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 8 058 293 адам салдырды.

Ал Шымкентте 577 254 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 539 519-ы алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 027 300, II компонентін 967 375 адам салдырған. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы жасыл белдеуде. Ал қызыл аймақта Солтүстік Қазақстан облыстары ғана тұр.
                                                                                             

                                                                                   Мөлдір Ибадуллаева