Шымкентте автокөлікті эвакуаторға салып ұрлап кеткен

153

Шымкенттік полицейлер көлік ұрлаған азаматты тұтқындады. Аталған жайтты қала тұрғыны Қаратау ауданы Полиция басқармасына арыздану арқылы хабарлаған.

Ол өз арызында, белгісіз тұлға көше бойында тұрған «Нексия» маркалы автокөлігін эвакуаторға салу арқылы ұрлап кеткендігін жазыпты. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталған.

Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен, яғни Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Ал мегаполистің тәртіп сақшылары тұрғындарды жеке мүлкіне сақ болуға шақырады.

 Мөлдір Ибадуллаева