Шымкентте дауылды ескерту жарияланды

103

«Казгидромет» орталығының кезекші синоптигі Ж.Жарменованың мәлімдеуінше Шымкент қаласында 2021 жылғы 25 қарашада күндіз оңтүстік-батыстан күші 15-20, екпіні 23 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Дауылды ескертуге байланысты мына сақтық шараларды сақтаңыздар:

— Есіктерді, терезелерді, шатырлы және желдеткіш люктерді мықтап жабыңыз.
— Көршілерге қауіп туралы хабарлаңыз.
— Балкондардан (аулалардан) жел алып кетуі мүмкін заттарды алып тастаңыз.
— Ғимараттар мен құрылыстардан, биік бағаналардан, ағаштардан, билбордтардан, діңгектерден, тіректерден және электр сымдарынан аулақ болыңыз.

— Көліктерді ағаштардың, билбордтардың астына қоймаңыз.
— Қатты желден үйлердің қабырғаларына, қоғамдық көлік аялдамаларына, билбордтарға, ағаштарға, аяқталмаған ғимараттарға жақын тұрмаңыз, шатырлардан шифер мен басқа шатыр материалдарының құлауы мүмкін.
— Қатты жел кезінде электр желілерінің астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті
— Сабырлы болыңыз және үрейленбеңіз