Дауылды ескерту жарияланды

26

Шымкент қаласының ТЖ департаменті Қазгидромет орталығының дауылды ескертуінің негізінде 19 мамырда Шымкентте найзағай, дауыл күтілетінін хабарлайды. Оңтүстік- батыс жақтан келетін жел екпіні секундына 15 -20 метрге жететіні туралы хабарлайды!

ТЖД қала тұрғындарына көліктерді ағаштардың астында қалдырмауды сұрайды!
Сондай-ақ, желдің күшеюі кезінде келесі сақтық шаралар ұсынылады:
– ғимараттардан шығуды шектеу (мүмкіндігінше үй-жайда болу);
– егер үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабыңыз. Ауладан, ашық балкондардан және лоджиялардан үйіңізге зиян келтіруі мүмкін тұрмыстық заттарды алып тастаңыз;
– көшеде жүргенде жақын кіреберісте немесе дүкенде жасырынуға тырысыңыз.
Билбордтардың, ағаштардың астында, аяқталмаған ғимараттарда, сондай-ақ үйлердің қабырғаларында жасырынуға болмайды, өйткені шатырлардан шифер мен басқа құрылыс материалдарының құлауы мүмкін;
– қатты жел кезінде электр беру желілерінің астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті.