Түркістан облысында дауылды ескерту жарияланды

22

9 қарашада Түркістан облысында күні бойы жаңбыр жауып, қатты жел тұрады деп күтілуде.

Облыстың таулы аудандарында түнде желдің екпіні 25 м/с-на дейін жетіп, найзағай ойнайды. Сондықтан өңірде дауылды ескерту берілді. Ал Шымкентте батыс, солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Сондықтан синоптиктер абай болуға шақырады.

Әсем Нұрлыбаева, РМК “Казгидромет” Түркістан облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі: “Облыс аумағында жаңбыр жауып, таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Сонымен қатар, оңтүстігінде, батысында, тау бөктерлі аймақтарында желдің екпіні 20-25м/с-на дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 8-10 градус. Шымкент қаласы көшпелі бұлтты. Жаңбыр жауады. Желдің күші 8-13м/с-қа жетеді. Ауа темпаретурасы 8-10 градус жылы”