Синоптиктер Шымкент пен Түркістан облысының тұрғындарына ескертеді

110
Ауа райы болжамы

Синпотиктер 10 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. «Қазгидромет» РМК сайтындағы мәліметке сенсек, бүгін еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Бұл тізімде Шымкент қаласы мен Түркістан облысы да бар.

Синоптиктердің болжауынша Шымкент пен Түркістанда қатты жаңбыр жауады.

«Шымкент қаласында 10 сәуірде таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Тәулік бойы кей уақытта найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Тәулік бойы екпіні 15-20 м/с, күндіз 10 сәуірде кей уақытта 23 м/с жел болуы ықтимал» делінген мәліметте.

Ал Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 10 сәуірде таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Тәулік бойы облыстың басым бөлігінде кей уақытта найзағай, таулы және тау бөктерлі аудандарда бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с дейін жел соғады.

«Түркістан қаласында 10 сәуірде кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с» делінген ақпаратта.