Шымкентте ерекше балалар Тұңғыш президент күніне арнап концерт өткізді

145

Шымкентте ерекше күтімді қажет ететін оқушылар Елбасыға арнап өнер көрсетті. Бүгін «Сайрам-Өркениет» бастауыш партия ұйымы Тұңғыш президент күні қарсаңында мерекелік іс-шара өткізді. Концертке «Nur Otan» Партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары арнайы қатысып, жас өнерпаздарға қолдау білдірді.

Бұл бүлдіршіндер ерекше оқытуды қажет ететін мектеп интернатында білім алады. Тәрбиеленушілер Тұңғыш президент күні қарсаңында ұйымдастырылған іс-шарада ән айтып, биден шашу шашты. Әрі сахналық қойылым арқылы өмірде мүмкін емес нәрсенің жоқ екенін дәлелдей түсті.

Осыдан үш жыл бұрын Елбасыға хат жолдаған Сайрам көмекші мектеп интернатының тәрбиеленушілері Нұрсұлтан Назарбаевтың ыстық ықыласына бөленіп алғыс хат алады. Әрі тұңғыш президент оқу ордаларын жөндеуден өткізіп, көлік тарту етіпті. Білім алушылар тарихи датада осы оқиғаны сахналап көрсетті. Мұндай жылулықты сезінген оқушылар болашақта да отанына патриот болып өседі дейді ұйымдастырушар.

Жанар Бектаева, «Nur Otan» Партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары: «Жалпы ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға арналған интернаттың  соғылу тарихның өзі тұңғыш Президентпен байланысты. Яғни, елбасының қамқорлығымен ашылған бұл интернат балаларының сондай алғыс білдіре отырып бүгінгі іс-шараны ұйымдастырып, өздерінің ілтипатын, ықыласын, рақметін айтып өткізуі бойынша жақсы іс-шара өтті деп ойлаймын».

«Сайрам-Өркениет» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға қалалық ерекше балаларға арналған мектеп интернатының тәрбиеленушілерінен бөлек көзі нашар көретін балаларға арналған Үміт мектеп интернаты мен қалалық бірінші және екінші «Саңырау» мекеп интернатының оқушылары қатысты.

Жадыра Таңатарова, «Сайрам-Өркениет» бастауыш партия ұйымының төрайымы, Шымкент қалалық мәслихат депутаты: «Мұндағы негізгі мақсатымыз — Елбасының 30 жылда елге жасаған қызметтері жөнінде насихаттау әрі оқушылардың, Қазақстан азаматтарының патриоттық сезімдерін ояту мақсатында «Нұр отан» партиясы, Қаратау аудандық филиалының «Сайрам өркениет» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатыр».

Айта кетейік, «Сайрам-Өркениет» бастауыш партия ұйымы атаулы дата қарсаңында челендж бастады. Челенджде тұңғыш президентпен жолығып, оның ықыласына бөленген не болмаса алғыс алған қала тұрғындары өз әсерлерімен бөлісіп әлеуметтік желіге жариялау керек.

                                                                                             Мөлдір Ибадуллаева