Шымкенттің өндірістік процестерді автоматтандыру жұмысы оң бағаланды

40

Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында өндірістік процестерді автоматтандыру және есептеу құрылғыларын орнату есебінен тұрғындардың қаражаты үнемделіп, су және қызмет көрсету шығындары азайған.

Осылай деген ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин бұл тәсілді елдің басқа өңірлеріне де қолдану қажет екенін жеткізді. Саланы автоматтандыру және инновациялық технологияларды қолдану бойынша жұмыс қарқынын арттыру керек.

Айта кетсек, Шымкентте 2023 жылы сапалы ауызсумен қамту мәселесі толықтай шешіледі деп жоспарлануда.

Мөлдір Ибадуллаева