Түркістан:Зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар оң бағаланды

244

Түркістан өңірінде жүзеге асқан тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету қызметі оң нәтиже беруде. Бес жылдан бері жүзеге асып келе жатқан орталық жұмысының нәтижесі Түркістан облысы әкімдігінде өткен басқосуда жарияланды.

Аталған қызмет Түркістан облысының барлық аудандарында жұмыс істейді. Жиында Біріккен Ұлттар Ұйымының халық саны саласындағы қорының өкілдері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында Түркістан облысы әкімдігінің тапсырысымен әзірленген стратегияға жоғары бағаларын берді.

Ғазиза Молдақұлова, Біріккен Ұлттар Ұйымының халық саны саласындағы қорының Қазақстандағы өкілі: «Біздің Біріккен Ұлттар Ұйымының халық саны саласындағы қоры Түркістан облысымен байланыс орнатып келе жатқанына 10 жылдан астам уақыт болды. Ол кезде Оңтүстік Қазақстан облысы болатын. Түркістан облысымен әріптестік жоғары деңгейде. Бұл өңірде гендерлік зорлық-зомбылық бойынша жақсы жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар күшейеді».

Әлихан Файзханов