Жаңа жәрдемақы енгізілді

78

Қазақстанда жаңа жәрдемақы енгізілді. Енді мүгедектік себебіне қарамастан I топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға күтім жасайтын азаматтарға 48 мың 23 теңге көлемінде  жәрдемақы беріледі.

Өзгерту енгізілген тиісті заңға Президент қол қойды. Еңбек министрлігінің мәліметінше, елде ақшалай көмекті шамамен 24 мыңға жуық адам алады.

Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне өтініш беріп, жеке куәлік, мүгедектігі туралы анықтама, банк шотының нөмірін растайтын құжатты өткізу қажет.

Шынар Оразова