«Айбын-2021» VIІ республикалық әскери-патриоттық сайысының жеңімпаздары анықталды. Нәтижесінде, Түркістан облысы, Арыс қаласының «Барыс» әскери-патриоттық клубы бірінші орынға ие болды.
Сонымен қатар «Үздік жас сарбаз» номинациясын облысымыздың «Төлеби тарландары» әскери-патриоттық клубының өкілі Сәуле Ахметова жеңіп алды. Үздіктер, Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Егемен елдің ертеңі – жас сарбаз» атты жас патриоттардың бірінші форумында марапатталды.
Осы тұста, 2021 жылдың жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында атқарылған жұмыстардың қорытындысына сәйкес «Патриоттар мекені» кубогы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановқа табысталды.
Аита кетейік, бұл іс-шарада еліміздің барлық өңірінің өкілдері , «Айбын дарыны», «Айбын жұлдызы», «Мейірімділік біріктіреді», «Smart Sarbaz-2021» зияткерлік және шығармашылық байқауларынан, сондай-ақ әскери-қолданбалы спорт түрлері сынды түрлі бағытта бақ сынаған еді.
Аида Қарсыбайқызы