Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

118

Еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың ревакцинация мәселелерін айқындайтын жаңа қаулысы шықты.

Құжат бойынша Қазақстанда 3 айдан артық тұрып жатқан, вакцинацияның толық курсын алған шетелдіктер де ревакцинациядан өтуі керек.

Жаңа қаулыда «Қазақстан аумағында 3 және одан да көп ай тұратын, КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық аяқтап алған шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады» деп жазылған.

Ал бұрын коронавиурсқа қарсы вакцинацияның бастапқы курсын алған жүкті әйелдерді ревакциналау жүктіліктің 16-37 аптасы кезеңінде Pfizer «Комирнати» вакцинасын пайдалана отырып жүргізіледі.

                                                                                       Гүлдана Дәурен