«Бейбітшілікпен келісім жолымен» киносы көрерменге жол тартты

163

Шымкентте «Қазақстан халқы Ассамблеясының» Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап дайындаған, «Бейбітшілік пен келісім жолымен» атты фильмнің тұсаукесер рәсімі өтті.

Телевизиялық жобаның алғашқы көрсетілімін тамашалау үшін, қала басшылығы және этномәдени бірлестіктің өкілдері қатысты.

Қаламыздың «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өтіп жатқан бұл шараға , түрлі этномәдени бірлестік өкілдері жиналды. Соның ішінде, «ұлтым -орыс болғанымен, тілім – қазақ» -деп, мемлекеттік тілде пікірін еркін білдірген, Шымкент қаласының тұрғыны -Юлия Дробязко .

3 баланың анасы,өзінің қазақ азаматына тұрмысқа шығу арқылы осыдан 16 жыл бұрынғы Елбасыға берген уәдесін орындағанын айтады.

Юлия Владимировна, Шымкент қалалық славян этномәдени бірлестігінің мүшесі:
«2005 жылы Елбасымызға қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, қазақтардың санын көбейтуге уәде берген едім. Бүгінде сол уәдемде тұрдым. Қазақ жігітіне күйеуге тидім. Қазір 3 баламыз бар. Олар тек қана қазақ тілінде сөйлейді».

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, көрермен назарына жол тартқан бұл телевизиялық жобада , Қазақстанда өмір сүретін түрлі этнос өкілдерінің тұрмыс-тіршілігімен қатар, жеткен жетістіктері, және бейбітшілік пен келісім орталықтарының қызметі сынды дүниелер ұсынылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фильнің негізгі мақсаты , көпшілікке Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық егемендік пен тәуелсіздікті нығайтудағы, бейбітшілік пен келісім саясатының құндылығын паш ету.

Мұхтар Ақжігітұлы, Шымкент қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі:
«Ол фильм 5 бөлімнен тұрады. Орталық, Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс , Батыс. Біз оның Оңтүстік бөлігіне жатамыз Қазақстанның. Бұл фильмнің мақсаты, Қазақстан Тәуелсіздігінң 30 жылдығы аясында Ассамблеяның рөлі. Ассамблеяның осы тәуелсіздікке қосқан үлесі».

Іс-шара барысында қатысушылар жаңа кино туындыны тамашалап қана қоймай, ғимаратта орналасқан этномұражайды аралап , бірқатар ұлт өкілінің мәдениетімен танысты. Жаңа фильмді көруге келгендер арасында, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан да бар.

Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары:  «ҚХА ғимараты Түркістан қаласында болатын. Осы біз жақында алып осы жерге шағын музей ұйымдастырдық. Енді осы ғимаратта түрлі шаралар өткізетін боламыз»

Мамандардың айтуынша, еліміздің 30 жылдық мерей тойына арналған жобалар мұнымен шектелмейтін көрінеді. Яғни, осы сынды маңызы зор шаралар, тәуелсіздік қарсаңында құрылған «Жұлдызды 30 күн» іс- шаралық жоспарына сәйкес өз жалғасын табады.
                                                                                                Аида Қарсыбайқызы