Елімізде өткен тәулікте 379 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның ішінде түркістандықтар жоқ, ал біреуі Шымкентте тіркелген.
Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 456-ға жетіп отыр. Оның ішінде шымкенттіктер жоқ. Ал, Түркістан облысынан 11 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында.
20 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 19 721 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 3 413 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 16 308-і амбулаториялық деңгейде емделуде.
Сала жауаптыларының айтуынша, 293 адамның жағдайы ауыр, ал 73 пациенттің халі өте ауыр. 58 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.
Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 899 669 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 8 363 114 адам салдырды. Ал Шымкентте 589 930 тұрғын екпе қабылдаған.
Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 560 324-і алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 036 439, II компонентін 1 014 561 адам салдырған.
Мөлдір Ибадуллаева