Ел бойынша 50 869 адам ем қабылдап жатыр

41

Елімізде өткен тәулікте 1 732 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның 44-і Шымкентте, 33-і Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 1 979-ға жетіп отыр. Оның 36-ы Шымкенттік тұрғындар. Ал, Түркістан облысынан 10 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 25 қазандағы жағдай бойынша елде 50 869 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 8 750 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 42 119-ы амбулаториялық деңгейде емделуде.

Сала жауаптыларының айтуынша, 631 адамның жағдайы ауыр, ал 162 пациенттің халі өте ауыр. 107 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 145 620 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 7 300 564 адам салдырды. Ал Шымкентте 542 859 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 500 456-ы алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 962 838, II компонентін 863 661 адам салдырған.

Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы жасыл белдеуде. Ал қызыл аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Павлодар, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Мөлдір Ибадуллаева