Өткен тәулікте 2 298 адам ковидті жеңіп шықты

53

Елімізде өткен тәулікте 1 058 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның 20-ы Шымкентте, 15-і Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 2 298-ке жетіп отыр. Оның 49-ы Шымкенттік тұрғын. Ал, Түркістан облысынан 11 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 17 қарашадағы жағдай бойынша елде 32 622 адам ем қабылдап жатыр.

Оның ішінде 6 611 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 26 011-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 504 адамның жағдайы ауыр, ал 130 пациенттің халі өте ауыр. 86 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 578 822 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 7 864 800 адам салдырды. Ал Шымкентте 563 326 екпе қабылдаған.

Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 530 893-і алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 009 369, II компонентін 948 539 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы жасыл белдеуде. Ал қызыл аймақта Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.