Шымкенттіктер цифрландыру жүйесін кеңінен қолдануда. Әсіресе, «І-көмек 109» орталығының жедел қызметі көпшіліктің көңілінен шыққан. Жол, су, жарық, қоғамдық көліктің жұмысына қатысты тұрғындардың шағымдары бойынша тиісті басқарма, мекемелердің жұмысын үйлестірген орталықтың қызмет көрсету аясы кеңеюде.
Алғашқы нысан «І-көмек 109» орталығы. Былтыр маусымда іс ке қосылған орталық қала тұрғындарына тәулік бойы қызмет етеді. Айтулы орталыққа сенім артқан қала тұрғындары , әкімдік, жауапты мекемелердің табалдырығын тоздырмай, «І09» нөмірін теріп барлық шағымдарын жеткізеді.
Азат Әміртай, Шымкент қаласындағы «І-көмек 109» орталығының басшысы: «Жақында «Аманат» деген жобаны қолға алдық. Затын жоғалтқан адам мен оны тапқан адам екеуін табыстырып, игі бастаманы жалғастырудамыз.Тағы бір жаңашылдығымыз. «І-көмек 109″ орталығына хабарласып, емханада дәрігерінің қабылдауына жазыла аласыз. Сонар кезекте тұрудың қажеті жоқ».
Сонымен қатар, баспана кезегіне тұру, тұрақты жұмыс іздеу мәселелері бойынша «І-shymkent» жобасы көмек көрсетеді. Нақтырақ айтқанда, көптеген ызмет алуға мүмкіндік бар.
Азиз Есжанов, «I-shymkent» жобасын жүзеге асыратын мекеменің жетекшісі: «»I-shymkent» жобасы арқылы порталға кірсеңіздер, коммуналдық төлемдерді төлей аласыздар. Бизнес жоспар жасауға да көмек көрсетеміз. Жүйеге мемлекеттік қызмет түрлерін де енгізіп қойдық. Қалаған уақытыңызда ақпарат алуыңызға мүмкіндігіңіз бар. Барлық қызмет түрі тегін көрсетіледі».
Цифрландыру саласында атқарылған жұмыстарға шымкенттіктер оң бағасын беруде.
Тұрғын: «Не деген шапшаңдық, затымды жоғалтқанда, 109 Ай көмекке хабарласқан едім, тауып берді, рахмет үлкен».
Бүгінде сан-алуан , оның ішінде мемлекеттік қызметтің көп түрін қала тұрғындары үйде отырып алуға мүмкіндік алды. Мұнымен шектелмейміз цифрландыру саласында халыққа қолжетімді қызмет түрлерін ұсыну бағытында жұмысты жалғастырамыз дейді жауаптылар.
Шынар Оразова