Еңбекші ауданында жаңажылдық шыршаның шамы жағылды

119

Еңбекші ауданындағы Жандарбеков аллеясында жаңажылдық шыршаның шамы жағылды. Шырша жағу рәсіміне қатысқан қалалық мәслихат депутаттары Байкен Әшірбаев, Рәшкүл Оспаналиева және аудан әкімі Досбол Есілбек тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Рәшкүл Оспанәлиева, Шымкент қаласы  мәслихатының  депутаты: «Барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Отбасыларыңызға береке-ырыс, еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер, жаңа жылда жағымды жаңалықтарымыз көп болсын, деніміз сау, балалырымыз аман болсын. Мереке құтты болсын!».

Мерекелік кешті ертегі кейіпкерлері мен өнерпаздар қыздыра түсті. Аяз ата мен Ақшақар жергілікті жұртшылыққа мерекелік көңіл күй сыйлады. Тұрғындар өз кезегінде аудан әкімдігі мен халық қалаулыларына алғысын білдірді. Көпшілікті қуантқан шырша енді жаңа жыл мейрамының соңына дейін тұрғындарға мерекелік көңіл-күй тарту етпек.

Шынар Оразова