Көк тудың желбірегені…

267

Көк туымыз – жанмен құндас қымбат ұғым. Көк туымызды көктен түсірмей, елдің мәртебесін арттыру әрбір ұрпаққа аманат. Еліміздің еңсесі биік болсын.
Ұлы мереке Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында желіде кеңінен тараған

#КӨКТУДЫҢЖЕЛБІРЕГЕНІ эстафетасын әріптесім Nargiza Kerimbayevaдан қабыл ала отырып, әріптестерім Айгерим Жумагулова, Талғат Балтабаевқа және Мурат Жолдыхожаевқа жолдаймын!

КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ
Көк тудың желбірегені
Көк тудың желбірегені –
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
Шымырлатқаны денені.
Көк тудың желбірегені –
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес,
Маған керегі –
Көк тудың желбірегені.
Көк тудың желбірегені –
Елдіктің асқақ өлеңі,
Әр жаққа тартпай, қазағым,
Бір сөзге жинал дегені.
Көк тудың желбірегені –
Бақыттың елжірегені,
Қиырда қалған қазақтың
Азат отанға жете алмай
Көзінің мөлдірегені.
Туындыгері: Ұларбек Нұрғалымұлы.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі Султанова Тореайм Жолдыбайқызы!