Мемлекеттік бюджетке 9,6 трлн. теңге салық түсімі түскен

108

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сүйенсек, жылдың 11 айында  мемлекеттік бюджетке кіріс ретінде 9,6 трлн. теңге салық түсімі түскен. «Оның ішінде: — Республикалық бюджет 100,8% орындалды, өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33,0% немесе 1 590,6 млрд теңгеге өсті.

— Жергілікті бюджет 106,3% орындалды. 2020 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,3% немесе 565,0 млрд теңгеге өсті» , делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда Республикалық бюджетке түсімдер өсімінің ең көп сомасы мұнайға салынатын корпоративті табыс салығы бойынша 555,2 млрд теңгеге немесе 1,5 есе,

экспорттық кеден баждары бойынша 463,6 млрд теңгеге немесе 2 есе, ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС бойынша 219,2 млрд теңгеге немесе 36,9%, пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша 144,3 млрд теңгеге немесе 47,7% және 3-ші елдерден импортқа ҚҚС бойынша 125,6 млрд теңгеге немесе 21,6% артқаны байқалады.

Шынар Оразова