Автобуспен жолаушыларды тасымалдаудан 74,2 млрд теңге кіріс түскен

61
???

Тасымалдау көлемінің қысқаруына қарамастан компаниялардың табысы 24% өскен. 2021 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстанда автомобиль және қалалық электр көлігімен 6,6 млрд. жолаушы тасымалданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,1% аз, деп көрсетілген energyprom.kz.  хабарламасында.

2020 жылы 8 млрд. адам тасымалданған. Алматыда ең көп жолаушы тасымалданды: 1,8 млрд. адам немесе елдегі жолаушылардың 27,8%. Үздік үштікке Қостанай және Павлодар облыстары енді. Маңғыстау облысында ең аз жолаушы тасымалданған.

Қоғамдық көлік жолаушылары2021 жылғы 11 айда Қазақстандағы барлық жолаушы тасымалының үштен екісі автобустың үлесінде: 4,4 млрд. адам, 2020 жылмен салыстырғанда 21,1% аз. Қазақстандықтар такси қызметін де жиі пайдаланады: 2,2 млрд. адам, бір жылда минус 8,5%.

Жолаушылар тасымалдаудан түскен кіріс 84,4 млрд. теңге болды. Автобуспен жолаушыларды тасымалдаудан түскен кіріс 74,2 млрд. теңге,

такси бағасы тұрақты

такси қызметінен түскен кіріс 3,9 млрд. теңге, трамваймен жолаушыларды тасымалдаудан түскен кіріс 1,6 млрд теңге, троллейбустан 1,5 млрд теңге кіріс түсті.