«Отырар» телеарнасы «Шымкент-менің өмір тарихым» конкурсын жариялайды

178

Байқау Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Оған 17 жастан асқан кез келген адам қатыса алады.

Байқау шарттары – оңтүстік мегаполистегі өмірден қызықты оқиғаны баяндау. Басқа облыстан көшіп келген болсаңыз,  неліктен Шымкентті таңдағаныңызды айтыңыз.

«Шымкент – менің өмір тарихым» байқауының жұмыстары zhan771@mail.ru электронды мекенжайларына 17 желтоқсанға дейін  электронды форматта қабылданады. Хатта «Менің Шымкентім» тақырыбын көрсетіңіз. Тақырыбы жоқ жұмыстар қабылданбайды.

Әңгімелер қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Материалдың соңында қатысушының аты-жөнін (егер сіз өз аты-жөніңізді жария етпей, оқиғамен бөліскіңіз келсе, бүркеншік атын көрсетуіңіз керек) және телефон нөмірін көрсетуіңізді сұраймыз.

Жеңімпаздар «Отырар» телекомпаниясынан жақсы естелік сыйлықтарға ие болады.
«Шымкент – менің өмір тарихым» тақырыбындағы ең әсерлі, қызықты және ерекше оқиғалар «Отырар» ақпараттық порталының сайтында күн сайын жарияланатын болады.