Өзбекстан азаматы жұмысқа кеткен әкесін іздеп жүр

124

31 жастағы Өзбекстан азаматы, осыдан біраз жылдар алдын жұмыс іздеп Қазақстанға өтіп, қайта оралмаған әкесін іздейді. Хабар-ошарсыз жүрген әкесі үйден шығып кеткенде баласы 4 жаста болған. Жылдар бойы үміт үзбеген Жарқын Рызаев арнамызға келген болатын.

Өзбекстан азаматы Жарқын Рызаев жұмыс істеуге кеткен әкесін іздеп жүр. Айтуынша, ол 2003 жылы шекара асып Қазақстанға келген. Содан бері 1959 жылғы Ташболат Рызаев Шымкентте құрылысшы болып жүр дегенді естиді. Бірақ ол, осы жылдар аралығында отбасымен байланысқа шықпаған. Орта денелі, бойы 1,60 см-ді құрайтын отағасын үйінде үш ұлы мен жұбайы күтіп отыр.

Жарқын Рызаев, Өзбекстан азаматы:
«Әкем үйден шығып кеткен кезінде мен 4 жаста болған екенмін. Яғни, 1994 жылы үйден шығып кеткен. Кейіннен, 2003 жылы Қазақстанға жұмыс істеуге кеткенін естідім. Соңғы рет те осы шаһарда көріпті. Сондықтан шекара асып әкемді тапсам деп келдім. Бұған дейін бізде бұл жаққа келіп іздеуге жағдайымыз болмады».

Содан бері көрген-білген бір ғана адам бар. Ол Ташболат Рызаевтың әскерде бірге болған досы. Данияр Ибрагимов 2013 жылы базарда жұмыс істеп жүрген кезінде досымен бірнеше рет сөйлескенін жеткізді. Алайда ол ашылып ештеңе айта қоймапты. Содан кейін 8 жыл өтсе де мүлде келмеген.

Данияр Ибрагимов, Өзбекстан азаматы:
«2013 жылдары мен Самал базарда жұмыс істейтін едім. Сол кезде Ташболат екі-үш рет шәй ішіп кеткен. Мен Жиззаққа жүр деп едім, үндемеді. Соңғы сөйлескенімізде не істеп жатырсың деп сұрап едім, сол еуроремонт жасап жатырмын деді. Содан кейін көрмедім».

Осыдан кейін үміт пайда болды деген Жарқын Рызаев әкем Шымкентте болуы мүмкін дейді. Сондықтан Жарқын Рызаевты көрген-білген, немесе ол азамат туралы қандайда бір ақпар білетіндер болса төмендегі нөмірге хабарласуын сұрайды.

Телефон номері: +998 91 599 29 96