Қазақстанда картоп, сәбіз және ірі қараны экспорттауға тыйым салынды

183

Елімізде картоп, сәбіз және ірі қараны экспорттауға тыйым салынды. Бұл шешім ішкі нарықты толық қамтамасыз ету және бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында қабылданған.

Бірақ мұндай шектеулер фермерлерге айтарлықтай әсер ететін көрінеді. Олардың пайымдауынша, экспортқа тыйым салу сыбайлас жемқорлық әрекетін тудыруы мүмкін, сондай-ақ маңызды серіктестер — Өзбекстан және Ресеймен сауда қатынасын бұзуы ықтимал.

Шымкент базарларында іріктелген картоптың келісі 220 теңгеден сатылуда. Сатушылардың сөзінше, бұданда арзан бағада алуға болады, дегенмен тауардың сапасы сол құрлым төмендейтін көрінеді.

 

«Көтерме 190-200 теңгеге береміз, бұл жерде қырғызтандық кортоптар бар, Павлодар сондай-ақ Қарағандыдан келгендері де бар, тек ресейлік жоқ, ол жақтан былтыр болған еді,бірақ биыл келмеді, оол жақта көп екпеген секілді».

 

Биылғы жылы картоп егуден егіс көлемі ұлғайғанымен, өнім бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 100 мың тоннаға аз. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, егістік алқаптарынан 3 миллион 900 мың тоннаға жуық өнім жиналған. Дегенмен, еліміздегі барлық көкөніс қоймаларының сыйымдылығы шамамен 1 миллион 700 мың тоннаны құрайды.

 

«Базарда картоп сатып алушылардың қарасы қалың. Көпшілік қазіргі уақытқа ғана емес, болашақтада тұтыну үшін, өнімді артығымен алуда. Тіпті, қапшықтап алып жатқандар да баршылық».

«Сәл қымбаттағаны рас, бірақ қазіргі таңда бәрінің бағасы ұшып тұр емеспе?!»

«180-170 тг көлемінде болуы керек Жібек жолынан алған кезімде, қаппен, арзанға түседі әрине»

 

Қазір таңда көтерме бағамен картоптың келісі, 150 теңгеге жетті. Бұдан әрі өсімге жол бермеу үшін картоп пен сәбізді экспорттауға, үш ай көлемінде тыйым салу туралы шешім қабылданды. Шаруалар бұл жаңалыққа қуанбағаны анық, өйткені олар Ресей мен Өзбекстандағы сату нарығын жоғалтып алуы ықтимал.

Қайрат Бисетаев, картоп және көкөніс өсірушілер одағының төрағасы:

«Егер біз қазір нарықты жапсақ, олар Иран нарығына көшуге мәжбүр болады, содан кейін Пәкістан картоптарына да кетеді. Оданда, қоймалар ашып, Қазақстанда қанша картоп сақтайтынымызды көрсетейік. Сонда ғана ішкі нарыққа нұқсан келтірмей, қанша артық өнім шығару керек екенін түсінеміз»

Шаруалардың сөзінше, қарапайым азаматтарға тыйым салу оң нәтиже бермейтін көрінеді. Яғни, бөлшек сауда бағасы еш өзгеріссіз қалады. Өндірушілер үшін баға күрт төмендеп, алып сатарлар керісінше, табысқа кенелетінін айтады.

Аида Қарсыбайқызы