Қарақұмық жармасы, пияз, картоп… арзандады

62
Сурет, http://222.by/ сайтынан алынды

Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің алты түрі үш аптадан бері арзандап жатқанын хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде қарақұмық жармасы, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат пен қан бағасы төмендеп келеді.

Пияз арзандады
Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабековтың айтуынша, осы аптада қарақұмық жармасының бағасы тағы 1,3 процентке, қант 0,8 процентке, пияз 0,3 процентке және картоп 0,7 процентке төмендеген.
«Сондай-ақ жалпы үш өңірде, яғни Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында күнбағыс майының бағасы 1,1%-ке төмендеді», – деді Әбілдабеков бүгінгі кеңесте.
Ал майлы дақылдарды қайта өңдеушілер қауымдастығының ақпараты бойынша күнбағыс майы өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда 19%-ке арзандады. Қазір отандық май зауыттарында өндірілетін тазартылған күнбағыс майының сату бағасы литріне 630-680 теңгені құрайды.
Солтүстік Қазақстанда бағалар тұрақтанды. Ал Маңғыстау облысында баға төмендегені байқалады. Батыс Қазақстан облысында пияз (-2,9%) және қант (-3,8%) айтарлықтай арзандады.