Астық алқаптарының 70 пайызы жиналды

111

Елде астық алқаптарының шамамен 70%, яғни 11,3 млн гектары жиналды. Орташа өнімділік 12 центнерді құрады.

Биылғы көрсеткіш былтырғыдан әлдеқайда жақсы. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сүйенсек, қазір 13,5 млн тонна астық бастырылды. Оның ішінде майлы дақылдар 220 мың тоннадан асады. Ал картоп алаңдарының тек 34% жиналды. Сөйтіп, 1,4 млн тонна өнім алынды.