Сарыағаш ауданында ерте пісетін картоп жиналып жатыр

35

Сарыағаштық диқандар ерте пісетін картоп жинауды бастады. Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруа қожалығы 3,0 га егістік алқаптан гектарына 22,5 центнер өнім алып отыр.

Биыл ауданда 10,5 мың га жерде көкөніс өсірілсе, оның 3,0 га жуығы картоп көкөнісі. Аудан шаруалары биыл мол өнім алып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне өз үлесін қосуды жоспарлап отыр.

Ал ең көп картоп алқаптары: Жібек жолы, Қабланбек, Дербісек, Жемісті, Ақжар, Құркелес, Жарты төбе ауылдық округтерінде орналасқан.