Елімізде өткен тәулікте 632 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның ішінде Шымкенттіктер жоқ, ал тоғызы Түркістан облысында тіркелген. Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 791-ге жетіп отыр. Оның 27-і шымкенттік тұрғын. Ал, Түркістан облысынан 3 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында.
6 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 24 125 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 4 948 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 19 177-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 359 адамның жағдайы ауыр, ал 97 пациенттің халі өте ауыр. 59 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 783 874 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 8 182 339 адам салдырды. Ал Шымкентте 582 518 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 546 105-і алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 030 931, II компонентін 988 080адам салдырған.
Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы жасыл белдеуде. Ал қызыл аймақта еліміздің бірде-бір өңірі қалмады.
Мөлдір Ибадуллаева