Úı ANONS «Қызыл» аймақта өңірлер қалмады

«Қызыл» аймақта өңірлер қалмады

Елімізде өткен тәулікте 632 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның ішінде Шымкенттіктер жоқ, ал тоғызы Түркістан облысында тіркелген. Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 791-ге жетіп отыр. Оның 27-і шымкенттік тұрғын. Ал, Түркістан облысынан 3 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында.

6 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 24 125 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 4 948 пациент стационарға жатқызылған. Ал,  19 177-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 359 адамның жағдайы ауыр, ал 97 пациенттің халі өте ауыр. 59 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 783 874 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 8 182 339 адам салдырды. Ал Шымкентте 582 518 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 546 105-і алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 030 931, II компонентін 988 080адам салдырған.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы жасыл белдеуде. Ал қызыл аймақта еліміздің бірде-бір өңірі қалмады.

                                                                                           Мөлдір Ибадуллаева