«Сергек» дәмханаға ұрлыққа түскен азаматты анықтады

110

Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда, өзінің кафесіне түнгі сағат 22:00 ден таңғы 06:00 шамасы аралығында белгісіз тұлғаның есікті бұзу арқылы кіріп, ондағы 60 метр электр сымын ұрлап кеткенін айтқан.

Сондай-ақ, дәмханадан 5 дана сыра шөлмегін қолды еткенін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 275 000 теңгені құраған.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабымен яғни Ұрлық ретінде тіркеп, жедел-іздестіру жұмысын жүргізді. Жақын аймақтар мұқият тексеріліп, бейнебақылау камералары жіті қаралды. Нәтижесінде, бір тәулік ішінде ұрлық жасаған азамат анықталып, басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
                                                                                       Жанерке Хумар