Шымкент: Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсылық білдіру акциясы өтті

188

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күніне орай мәжіліс өтті.

Іс-шараның мақсаты – зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық, құқықтық көмек көрсету, оңалту, тұрмыстық қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Айта кетейік, осы бағытта 2019 жылдың 21 маусымы күні Халықаралық Еңбек Ұйымының «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қысымшылықты жою туралы» №190 Конвенциясы қабылданған. Бұл құжат қазіргі еңбек әлеміндегі зорлық-зомбылық, қудалау, қорқыту сияқты нақты мәселелерді шешуге, әйел құқығын қорғауға бағытталған.

                                                                                                Гүлдана Дәурен