Ж. Құлбайымбетовтың 80 жасқа толған мерейтойы аталып өтті

198

Ұстаздық – ұлы ұғым. «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында бүкіл саналы ғұмырын осы салаға арнаған, Түркістан облысы мен Түркістан қаласының құрметті азаматы, Ұлағатты ұстаз Жарқынбек Құлбайымбетовтың 80 жасқа толған мерей тойлық кеші аталып өтілді.

Жарқынбек Құлбайымбетов Түркістан өңіріне еңбегі сіңген азамат. Аудан және қала, облыс әкімдерінің Алғыс хаттарымен, мерекелік медальмен, облыстық білім департаментінің Құрмет грамотасымен, 2004 жылы қаламыздың «Жыл адамы», Қазақстан оқу ағарту ісінің озық қызметкері атақтарымен марапатталған. 2008 жылы абыроймен құрметті демалысқа шыққан, бүгінде «Nur Otan» партиясы саяси бюросының мүшесі, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып ұрпақтар сабақтастығын жалғап, игі шаралардың бел ортасында жүр.

«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты 80 жастық мерейтойлық іс-шараға Қалалық Мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлымен бірге мен «Nur Otan» партиясының мәслихат депутаты Сүлеймен Тұрысбайұлы катысып, құттықтап, ыстық ықыласымызды білдіріп қайттық.